🔹Дияр ауылындағы медициналық пунктке күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.
Ғимарат 2010 жылдан бері жөндеу көрмеген. Аудан әкімі Айбек Көпенов жұмыс сапары барысында медициналық пункттің жөндеуден кейінгі жұмысын қарады.
Алдағы уақытта нысан заманауи медициналық жабдықтармен толықтырылады. Жаңартылған амбулатория ауыл тұрғындарына қажетті медициналық қызметтерді көрсетуде.