ОЙМАУЫТ АУЫЛЫНДАҒЫ АМБУЛАТОРИЯ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ОЙМАУЫТ АУЫЛЫНДАҒЫ АМБУЛАТОРИЯ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

🔹Аудан әкімі Айбек Көпенов жұмыс сапарымен Оймауыт ауылына барды. Іссапар барысында аудан басшысы күрделі жөндеуден өткен ауылдық амбулаторияның жұмысымен танысты.

Қазіргі уақытта амбулаторияның құрылыс жұмыстары толық аяқталып, мекеме ауыл тұрғындарына медициналық қызмет көрсетуді бастап кетті.

☑️Аудан әкімі амбулаторияның қызметін ұйымдастыруда ешқандай кедергілер болмауы керектігін атап өтіп, бұл бағытта тиісті тапсырмаларды бас дәрігерге жүктеді.