Аудан әкімі Қарауылкелді ауылындағы ауыз су ұңғымасын қазу жұмысын бақылап қайтты

Аудан әкімі Қарауылкелді ауылындағы ауыз су ұңғымасын қазу жұмысын бақылап қайтты

🔹Қазіргі уақытта Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылында №3 ұңғыма қазу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Аудан әкімі Айбек Көпенов бүгін нысанда болып, құрылыс барысымен танысты. Ол мердігер мекеме өкілдерімен кездесіп, жұмыстың сапалы әрі уақытылы аяқталуын тапсырды.

🔹Аталған жоба ауыл тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылуда.

🔹 Мердігер мекеме: «Kaz Drilling Aktobe» ЖШС
🔹 Ұңғыма тереңдігі: 120 метр
🔹 Сыртқы құбыр диаметрі: 245 мм
🔹 Су көтеру жүйесі: Қажетті қуаттағы заманауи су сорғы (насос) қондырғылары орнатылады.

🔹Қазу жұмыстары 2025 жылдың тамыз айында басталды.

🔹Бұл жоба — ауыл инфрақұрылымын жақсартып, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам.