
🔹Аудан әкімі Айбек Көпенов СПК “Ақрайыс-2025” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі салып жатқан жаңа құрылыс нысанында болды.
🔹Қазіргі уақытта қарқынды жүріп жатқан кешен:
✅100 бас жылқы малын бордақылау алаңы,
✅Жем-шөп және мал азығы қоймасы,
✅15 ірі қара малға арналған мал сою бекеті,
✅Жартылай ет өнімдерін өңдейтін заманауи цехты қамтитын болады.
Осыған дейін ЖШС басшысы Руслан Хайырмұхамбетов аудан кәсіпкерлерімен бірге Түркістан облысының Сайрам, Ордабасы аудандарында болып, осы бағытта тәжірибе алмасқан болатын.
🔹Бұл жоба ауданның ауыл шаруашылығы саласын дамытуға серпін беріп, жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік жасайды.
Жобаның іске қосылуы – өңірлік экономиканың дамуына қосылған маңызды үлес.