🔹Аудан әкімі Айбек Көпенов халықтың әлеуметтік осал топтары үшін салынып жатқан жалға берілетін тұрғын үйлердің құрылыс алаңында болып, жұмыс барысымен танысты.
🔹Аудан басшысы құрылыс сапасына, белгіленген мерзімге сай жүргізілуіне және инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударды. Мердігер ұйым өкілдерімен кездесіп, жоспарланған жұмыстардың уақтылы әрі сапалы орындалуына назар аудару керектігін айтты.
🔹Аталған тұрғын үйлер халықтың әлеуметтік жағынан осал санатына жататын азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында салынуда. Бұл – Мемлекет басшысының әлеуметтік саясатты күшейту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі.
🔹Құрылыс жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталып, тұрғындарға пайдалануға берілетін болады.