Бүгін аудан әкімі Айбек Көпенов Барақ батыр көшесінде жүргізіліп жатқан автомобиль жолын қайта жаңарту жұмыстарының барысымен танысты. Жолдың бірінші жартысы: Ұзындығы – 1,6 км Жобалық құны – 370,4 млн теңге Мердігер – «DEN-Group Plus» ЖШС Жұмыс мерзімі: 01.03.2025 – 31.07.2025 Қазіргі уақытта асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. 163,6 млн теңге игерілді. Жолдың екінші жартысы: Ұзындығы – 1,4 км Жобалық құны – 341,1 млн теңге Мердігер – «DEN-Group Plus» ЖШС Жұмыс мерзімі: 08.04.2025 – 08.01.2026 Асфальт төсеу жұмыстары басталған. 39,7 млн теңге игерілді. Көптен күткен мәселе шешімін табуда — бұл көше тұрғындар тарапынан бұрыннан айтылып жүрген маңызды сұраныстардың бірі болатын. Құрметті ауыл тұрғындары! Жол төсеу жұмыстары сапалы әрі уақытында аяқталуы үшін сіздерден түсіністік танытуды сұраймыз. Асфальт толық төселіп біткенше көлікпен жүруге уақытша шектеу қойылады. Өтініш – арнайы техникаларға кедергі келтірмей, жол қозғалысына уақытша шектеуді сақтауға атсалысыңыздар. Аудан басшысы мердігер мекемеге сапа мен мерзімді қатаң сақтау жөнінде нақты тапсырмалар берді.