Қарауылкелді ауылындағы маңызды жоба іске асырылуда

Қарауылкелді ауылындағы маңызды жоба іске асырылуда

Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылындағы Болашақ тұрғын үй массивінен Ойыл ауылына жеткізуші магистральды газ құбырын көшіру бойынша жұмыс жобасы басталды.

Жоба мердігері: «Транс Азия Констракшн» ЖШС
Жобаның жалпы құны: 401,8 млн теңге (техникалық және авторлық қадағалаумен қоса)
Қаржыландыру көзі: Облыстық мәслихаттың 30.05.2025 ж. №96 қаулысы негізінде қажетті қаражат толық бөлінді.

Құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша мердігерге қосымша келісім-шарт жолданып, жұмыстар қазіргі таңда басталып кетті.

Бұл жоба – тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту жолындағы маңызды қадам!