Нұрпейіс Байғаниннің рухына тағзым

Нұрпейіс Байғаниннің рухына тағзым

🔹Халық жырауы, ақын Нұрпейіс Байғаниннің 165 жылдығына орай ұлы тұлғаның мәңгілік мекенінде тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

🔹Ақтөбе қаласындағы сүт зауыты (ГМЗ) аумағындағы зиратта орналасқан бейітінің айналасы шөптерден тазартылып, қоршауы тікейтіліп, сырлау жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ басына қойылған ескерткіш тақта жаңартылып, сырланды.

🔹Аталған іске Байғанин ауданының жастары мен ауыл ақсақалдары белсене атсалысты.
Бұл — ел ардақтаған жырау тұлғаға деген тағзымның, өскелең ұрпақтың тарихи санасын оятудың бір көрінісі.