Қарауылкелді ауылындағы тәлімбақ жұмыстарымен танысты

Қарауылкелді ауылындағы тәлімбақ жұмыстарымен танысты

Аудан әкімі Айбек Көпенов Қарауылкелді ауылында орналасқан тәлімбақтағы атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.
Қарауылкелді ауылындағы тәлімбақтың жалпы көлемі – 10 гектар. Оның ішінде:
🔸 Қоршалған аумақ – 6 га
🔸 Егістік жер – 4,2 га
Қазіргі таңда тұқым теру жұмыстары жалғасуда.

2025 жылы көктемде 0,65 га жерге ағаштар отырғызылды:
• Қарағаш – 1,5 га
• Терек – 0,3 га
• Жылмыж тал – 0,13 га
• Қаратал – 0,2 га
Аудан басшысы алдағы уақытта отырғызылатын көшеттердің сапасына және күтіп-баптау жұмыстарына ерекше көңіл бөлу қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар, ол жұмыс қарқынын арттырып, көктемгі және күзгі көшет отырғызу науқандарына сапалы дайындалу бойынша нақты тапсырмалар берді.