
Аудан әкімі Айбек Көпенов ауыл тұрғындарына жеке қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан республикалық зияткерлік сайысқа қатысу үшін қаржылай қолдау, мамандығы бойынша жұмысқа орналасу, тұрғын үйге дейін су құбырын тартуға көмек көрсету мәселелері көтерілді.
Қабылдау барысында аудан басшысы әрбір тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, заң аясында түсінік берді. Сонымен қатар, көтерілген мәселелер бойынша тиісті сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар беріп, өтініштердің мән-жайын жан-жақты қарауды жүктеді.