Медициналық пункт жаңғыртылуда
Дияр ауылындағы медициналық пунктте қазіргі таңда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл — ауыл тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыруға бағытталған маңызды жоба.
🔹 Мердігер: «AlmatyStr» ЖШС
🔹 Жоба құны: 35 141 914,08 теңге
🔹 Жұмыс мерзімі: 31.03.2025 – 30.06.2025
📍 Жоба жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылуда.
Жөндеу аяқталған соң ауыл тұрғындарына заманауи, қолжетімді және жайлы медициналық көмек көрсетілетін болады.