Миялы ауылдық округі, Дияр ауылында аудан әкімінің халықпен кездесуі өтті

Миялы ауылдық округі, Дияр ауылында аудан әкімінің халықпен кездесуі өтті

Аудан әкімі Айбек Көпенов Миялы ауылдық округіне қарасты Дияр ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуге ауыл тұрғындары, жергілікті қоғамдық кеңес мүшелері мен жауапты сала басшылары аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ерік Көпжасаров, аудандық электр жүйелері торабының басшысы Ербол Алипов және аудандық ветеринариялық станса директоры Әміржан Кажимов қатысты.
Жиын барысында тұрғындардың тарапынан қойылған сұрақтарға сала басшылары нақты түсініктеме беріп, бірқатар мәселелер бақылауға алынды. Аудан әкімі тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін мұқият тыңдап, олардың кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.