
“Энергосистема” ЖШС-нің бас директоры Арыстанов Рүстем Орынбасарұлы Мицубиси L200 маркалы жаңа пикап көлігін Байғанин аудандық электр желілері учаскесіне табыстады.
Шараға Байғанин ауданының әкімі Айбек Мұратқалиұлы қатысып, бұл бастаманың маңыздылығына ерекше тоқталды. Жаңа көлік апаттық-қалпына келтіру бригадасының жұмыс сапасын арттырып, аудан тұрғындарын үздіксіз электр энергиясымен қамтуға үлкен септігін тигізбек.
Осындай қолдаулар арқылы ауданымыздың инфрақұрылымы нығайып, халыққа көрсетілетін қызмет сапасы арта түсетіні сөзсіз.