2025 жылғы 26 қазанда өткен Байғанин аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2025 жылғы 26 қазанда өткен Байғанин аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама

 

2025 жылғы 26 қазанда №2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Байғанин аудандық мәслихатының шығып қалған  депутатының орнына сайлауы өтті.

Сайлаушылар тізіміне 1499 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 946 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 0 қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны -3.

Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Байғанин аудандық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

№2 сайлау округі бойынша

Ажмадин Нұрдәулет Мұратбекұлы үшін сайлаушылардың 121 дауысы берілді,

Ботағарин Серік Нығметұлы үшін сайлаушылардың 131дауысы берілді,

Тлеулина Айгүл Рзақызы үшін сайлаушылардың 671 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 8;

 

Сайлау қорытындысымен бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Байғанин аудандық мәслихатының депутаты болып:

№2 сайлау округі бойынша – Тлеулина Айгүл Рзақызы, 1982 жылы туған, «Т.Жармағамбетов атындағы орта мектебі» КММ директоры, Байғанин ауданының тұрғыны сайланды.

 

 

Байғанин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
28 октября 2025