Байғанин аудандық АСК ақпараты

Байғанин аудандық АСК ақпараты

Ауыл әкімдігіне кандидаттар ұсыну қорытындылары туралы

2021 жылғы 9 шілдеде сағат 18.00-де ұсыну кезеңі аяқталды. Аудан бойынша барлығы _3_ сайлау округінде _9_ кандидат ұсынылды, оның ішінде: _4_ (44,4%) - саяси партиялар, _5_ (55,6%)- өзін-өзі ұсыну арқылы.

Саяси партиялар _3_ сайлау округтері бойынша кандидатураларын ұсынды: «NurOtan» партиясы _2_ кандидат, «Ауыл» ХДПП _1_ кандидат, «Ақ Жол» ҚДП _0_ кандидат, «АDAL» КП _0_ кандидат, ҚХП _1_ кандидат, ЖСДП _0_ кандидат.

Орташа бәсекелестік _3_ адамды құрады.

Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін белгілеу және оларды тіркеу бойынша іс-шаралар жүргізілуде, олар 2021 жылғы 14 шілдеде сағат 18.00-де аяқталады.

Ағымдағы жылғы 9 шілдедегі жағдай бойынша барлық округтерде кемінде екі адам ұсынылды.

Кандидаттар шығып қалған және балама болмаған жағдайда (сайлау округінде екіден кем кандидат), заңнамаға сәйкес ұсыну кезеңі бес күннен аспайтын мерзімге ұзартылатын болады.

Жағдай бойынша ағымдағы жылдың 10 шілдесінде тіркелген _9_ кандидаттардың (100%).

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ресми ақпарат БАҚ-та жарияланатын болады.

Байғанин аудандық АСК ақпараты
Дата публикации
10 июля 2021