Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Байғанин ауданындағы Туризм

Ақтолағай – Орал алды үстіртінің оңтүстік-батысындағы қырқалы тау сілемі. Моңғол тілінде "тологой" – шың, тау басы деген мағынаны білдіреді.

Географиялық орны Ақтөбе облысы Байғанин ауданы жерінде орналасқан. Сағыз бен Жем өзендері аралығында солтүстік-шығыстан оңтүстікке қарай 90 км-ге созылып жатыр, ені 5-10 км, ең биік жері – Қияқты тауы (217 м). Каспий маңы ойпатымен жапсарласып, Жем өзенінің оң жағалауында жатыр.

Жер бедері Батыс бөлігі жарқабақты сай-жыралармен тілімденген. Ақтолағай қырқасынан Терісаққан өзені бастау алады. Батысында Толағайсор көлі жатыр. Ақтолағайдың беткі жазығы оның батыс жапсарында тереңдігі кейде 140 м-ге дейін жететін тік құлайтын кертпештен шектелген.

Кертпеш шатқалдарындағы геологиялық қабаттар бүгінгі Венгрияға дейін көлкіген жылы теңіз түбінде түзілген. Үстіртті қоршаған аймақтардың бедері биіктігі 60-80 м-лік төбелер мен қырқалар түріндегі тұзды күмбездердің күмбезаралық кеңістіктердегі сорлармен және тақырлармен алма-кезек ауысып отыруымен сипатталады. Үстіртпен төрт тұзды күмбез жапсарласады, олар Құлдықұдық күмбез, Толағай күмбез, Шиелісай күмбез және Алашақазған күмбез.

Геологиялық құрылымы Бор, бор-мергельді жыныстардан түзілген. Аппақ түсті бор және бор тектес әксаз қойнауқаттары миллиардтаған өте ұсақ көне организмдердің қазба қалдықтарынан құралған. Мұнда біршама ірі таснұсқаларды да, мәселен, бор кезеңі акулаларының тістерін, белемниттерді, аммониттердің, тіржандардың, маржандардың, теңіз лалаларының, теңіз кірпілерінің т.б. қазба қалдықтарын да тауып алуға болады.

Тереңдіктерде орналасқан ас тұзының қойнауқаттары оларды үстінен жаныштаған қатқабаттар салмағының әсерінен аққыштық қасиетті иеленеді де, әр түрлі жарықтар мен өзге де осал өңірлер арқылы жоғары қарай жылыстайды, осылайша тұзды ядродан тұратын, ал жербедерде көтерілімдермен сипатталатын арнаулы қатпарлар қалыптасады. Бұл процесс тұз тектоникасы деп аталады. Каспий маңы ойысының көптеген тұзды күмбездері мұнай-газ кен орындарын кіріктіреді.

Ақтолағай үстірті Ақтөбе мен Атырау облыстарының шекарасында орналасқан. Мұндағы тастар шахмат фигураларын еске түсіреді, ал аяқ астыңызда қабыршақтар мен ежелгі теңіз мекендеушілерінің қалдықтарынан кілем төселгендей күй кешесіз. Патшайым тауына қатысты ақтөбеліктер жиі айтатын қызықты оқиға бар: 2006 жылы Германияда тұратын әйел Google Maps қызметі арқылы шахмат фигурасына ұқсайтын ерекше тауды табады. Әйелдің бұл жартасқа қызыққаны соншалық, оны Қазақстанға өз көзімен көруге келген. Тауды іздеп тапқанда оған «Патшайым» деген атау берген. Содан бері тау осылай аталатын болған.

Аққұмсағыз – Ақтөбе облысы Байғанин ауданындағы Аяққұм құмының солтүстігіндегі құмды алқап.

Жер бедеріАбсолют биіктігі 128 м. Ұзындығы 40 км, ені 15 км. Құмның етегінде Қызылтаң, Қамысқора, Ербас, Бисек, Қарабұйрат қыстаулары бар. Шағылда құмсағыз, жусан өседі.

Сағыз өзенінің оң жағалауында орналасқан. Құмының ерекше түсіне қарай «Аққұмсағыз» аталған құмды бархан.Ғалымдар бір заманда Каспий теңізінің етегі осы жерге дейін созылып жатқанын айтқан. Яғни Аққұм Орал тауларынан аққан өзендердің теңізге құйған жері, атырабы болса керек. Ел ішіндегі аңыз бойынша Ақ­құм өте ертедегі үлкен қаланың орны көрінеді. Қала дегенде қалмақ ханы Алшағырдың ордасы болған екен. Қара қыпшақ Қобыланды келіп, тас-талқан етіп қират­қаннан кейін осындай өркеш-өркеш құмдардың үйіндісіне айналыпты-мыс.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты