
Өрт қауіпсіздігі – әр азаматтың жауапкершілігі
☀️ Жаз – демалыс мезгілі. Алайда дәл осы кезеңде табиғи өрттердің шығу қаупі артады. Тіпті кішкентай ғана ұшқынның өзі үлкен апатқа әкелуі мүмкін.
🔥 Құрғақ әрі желді ауа райы өрттің шығу қаупін күшейтеді. Осыған байланысты Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады:
✔️ тыйым салынған жерлерде от жақпаңыз;✔️ темекі тұқылы мен сіріңкені бейберекет тастамаңыз;✔️ құрғақ шөпті өртемеңіз;✔️ балаларды қараусыз қалдырмаңыз;✔️ табиғат аясында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз.
📞 Өртті байқасаңыз, дереу 101 немесе 112 нөмірлеріне хабарласыңыз.
⚠️ Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды қауіпсіздік шараларына жауапкершілікпен қарап, өз өмірі мен қоршаған ортаны қорғауға шақырады.