Мемлекет пен қоғам арасындағы сенім – тұрақты дамудың негізі

Мемлекет пен қоғам арасындағы сенім – тұрақты дамудың негізі

Президент: Мемлекет пен қоғам арасындағы сенім – тұрақты дамудың негізі
Астанада өткен «Әкімшілік әділет және оның құқық үстемдігін қамтамасыз етудегі рөлі» форумында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет пен қоғам тұтастығын нығайту Қазақстан үшін басым міндеттердің бірі екенін айтты.
Президенттің сөзінше, халық пен билік арасындағы өзара сенім мен келісім өздігінен қалыптаспайды, ол жүйелі жұмыстың нәтижесі. Осыған байланысты елімізде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы жүзеге асырылып жатыр.
Мемлекет басшысы ашық диалог жүргізу, азаматтардың өтініштері мен мәселелеріне дер кезінде жауап беру мемлекеттік қызметшілердің конституциялық міндеті екенін атап өтті.