01.01.2024ж. бастап 31.11.2024ж. дейінгі уақыт аралығында "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) халыққа 40,3 млн астам қызмет көрсетті. Қызметтердің жалпы санының 21,6 млн астамы электрондық форматта көрсетілсе, шамамен 17,1 млн қызмет автоматты түрде атқарылды. Осылайша, автоматты, электрондық және қашықтан көрсетілген қызметтердің үлесі операциялардың жалпы санының 97,4% тең болды. Күндізгі форматта 1,0 млн астам қызмет көрсетіліп, оның ішінде тікелей Қор кеңселерінде шамамен 1,0 млн қызмет ұсынылды.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының (ЖМЗЖ) енгізілуіне, сондай-ақ, "Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасы шеңберінде нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтарды есепке алу және есептеу бойынша БЖЗҚ қызмет ауқымының кеңеюіне байланысты автоматты режимде көрсетілетін қызметтер саны өсті. Әсіресе, нысаналы талаптарға қатысушылар үшін шоттар (ЖЗШ/ШЗШ/НЖШ) мен карта ашу ерекше серпін бергенін байқауға болады. Естеріңізге сала кетсек, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға алғашқы жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасының қатысушыларына нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтар автоматты түрде есептеледі.
2024 жылдың есепті кезеңінде шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аудару нәтижесінде ашылған ШЗШ) және нысаналы жинақтау шоттарын (НЖШ, "Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасы шеңберінде) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша жаңадан ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны барлық формат бойынша 5,2 млн асты.