Ерікті зейнетақы жарналары бойынша төлемдерді қашан алуға болады?

Ерікті зейнетақы жарналары бойынша төлемдерді қашан алуға болады?

Ерікті зейнетақы жарналары бойынша төлемдерді қашан алуға болады?

Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақы төлемдерін міндетті зейнет жасына жетпей-ақ 50 жастан бастап рәсімдеуге мүмкіндік бар.

Төлемдер сондай-ақ келесі санаттағы тұлғаларға қолжетімді:
• мүгедектігі бар адамдарға;
• Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға.

Өтінішті қалай беруге болады?
✔ enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы
✔ БЖЗҚ мобильді қосымшасы арқылы
✔ Қордың кез келген бөлімшесі арқылы

Барлық жарна түрлері бойынша жинақ сомасын 24/7 режимде жеке кабинеттен бақылауға болады.

«БЖЗҚ» АҚ еске салады:
ерікті зейнетақы жарналарын тұрақты түрде аудару –
болашақтағы зейнетақы капиталыңызды ұлғайтып, төлемдердің жоғары болуын қамтамасыз етудің тиімді және қарапайым тәсілі.