БЖЗҚ-ның цифрлық форматтағы қызметтер саны артып келеді

БЖЗҚ-ның цифрлық форматтағы қызметтер саны артып келеді

БЖЗҚ-ның цифрлық форматтағы қызметтер саны артып келеді
Соңғы жылдары БЖЗҚ көрсететін қызметтердің цифрлық форматта қолжетімділігіне салымшылар тарапынан қызығушылық айтарлықтай артты. Маңыздысы- мұндай қызметтердің 7/24 режімінде қолжетімді болуы.
📊 2025 жылғы 1 қаңтар мен 31 мамыр аралығында Қор халыққа шамамен 22,6 млн қызмет көрсетті.
Олардың ішінде:
– 11,8 млн-нан астамы электрондық форматта ұсынылды;
– 10,2 млн-нан астамы автоматты режімде көрсетілді.
Осылайша, қашықтан көрсетілген қызметтердің үлесі (электрондық, автоматты және онлайн) жалпы көлемнің 98,2%-ын құрады.
Жүзбе-жүз форматта шамамен 412,3 мың қызмет көрсетілді, оның ішінде 403,5 мыңнан астамы Қор бөлімшелерінде жүзеге асырылды.
Естеріңізге сала кетейік,барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-да бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады.
Сондай-ақ «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтар автоматты түрде есептеледі.
📌 Есептік кезең ішінде автоматты режімде ашылған барлық түрдегі зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны:
– 810,3 мың (оның ішінде шартты зейнетақы шоттары – ШЗШ және нысаналы жинақтау шоттары – НЖШ бар).
📄 Ең сұранысқа ие қызмет - ЖЗШ, ШЗШ және НЖШ бойынша үзінді көшірме алу.
Жыл басынан бері шамамен 12,9 млн үзінді көшірме берілді, оның ішінде:
– 10,8 млн-нан астамы электрондық түрде;
– 1,7 млн-нан астамы автоматты түрде ұсынылды.
БЖЗҚ салымшыларға жеке кабинет арқылы шоттар жағдайын бақылау – ең ыңғайлы, сенімді және жедел тәсіл екенін еске салады.
Қызмет 24/7 режімінде, кез келген уақытта және кез келген жерден қолжетімді.
Мәліметтер тек enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте ғана емес, сондай-ақ egov.kz порталы мен электрондық үкіметтің мобильді қосымшасы арқылы да қолжетімді.
⚠ 2025 жылдан бастап БЖЗҚ үзінді көшірмені пошта арқылы жыл сайын жіберуді тоқтатады.
Алайда, Қорға арнайы сұрау жолдау арқылы пошта қызметі бұрынғыдай қолжетімді.
🧾 Салымшылар жеке кабинет арқылы келесі қызметтерді де пайдалана алады:
– деректерді жаңарту;
– шот бар екені туралы анықтама алу;
– 1 немесе 2 топтағы мүгедектік белгіленуіне немесе Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша төлем тағайындауға өтініш беру;
– төлем мәртебесін бақылау;
– жинақтардың бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушыға аудару (ИПБ);
– зейнетақыны болжау калькуляторы арқылы есептеу және т.б.
Барлығы әлемнің кез келген нүктесінде 24/7 қолжетімді.
📥 2025 жылдың қаңтар–мамыр айларында деректерді өзгерту бойынша 59,9 мыңнан астам өтініш қабылданды, оның 56,3 мыңнан астамы Қор кеңселерінде ұсынылды.
Кері байланыс арналары арқылы 240,7 мыңнан астам өтініш келіп түсті.
➡ Еске саламыз: кез келген компания кеңсеге барып түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін өтінім бере алады. Ол үшін 1418 call-орталығына қоңырау шалу немесе Қордың ресми сайты мен мобильді қосымшасы арқылы жүгіну жеткілікті.