БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар: Зейнетақы капиталыңызды ЕЗЖ есебінен қалай көбейтуге болады?

БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар: Зейнетақы капиталыңызды ЕЗЖ есебінен қалай көбейтуге болады?

БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар: Зейнетақы капиталыңызды ЕЗЖ есебінен қалай көбейтуге болады?
1)Ерікті зейнетақы жарналарын қалай аударсам болады? Оны жұмыс беруші аудара ала ма?
Ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) жеке және заңды тұлғалар аудара алады. Жеке тұлғалар қаражатты өз табысы есебінен жеке бас пайдасына және (немесе) жақындары үшін аударса, заңды тұлғалар өз қызметкерлерінің және (немесе) үшінші тұлғалардың пайдасына аудара алады.
Ерікті зейнетақы жарналарын екінші деңгейдегі банктер, сондай-ақ жұмыс берушіге өтініш беру арқылы аударуға болады. Өтініш негізінде қаражатты жұмыс беруші Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) көрсетілген тұлғаның пайдасына аударады.
ЕЗЖ есебі жүргізілетін ЖЗШ:
- агенттер ЕЗЖ аударған кезде ұсынатын жеке тұлғалардың тізімдері;
- жеке тұлға өзінің немесе үшінші тұлғаның пайдасына алғашқы жарна аударған кезде өтінішсіз ашылады.
2) Айтыңызшы, ерікті зейнетақы жарналары есебінен төлемдерді қашан және қалай алуға болады?
ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін зейнет жасына толғанға дейін – 50 жастан бастап алуға болады. Сонымен қатар, олар мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға беріледі.
"БЖЗҚ" АҚ салымшының ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) аудару туралы уақытылы шешім қабылдауы оған зейнетақы капиталын едәуір толықтыруға және болашақта жоғары төлемдер алуға септігін тигізетіндігін еске салады.
3) Ерікті зейнетақы жарналары мұраға беріле ме?
Зейнетақы жинақтары, оның ішінде ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған жинағы бар адам қайтыс болған жағдайда, оның зейнетақы жинағы Қазақстан заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады. Атап айтқанда, зейнетақы жинақтарын мұраға беру өсиет немесе заң бойынша жүзеге асырылады. Өсиет болмаған кезде немесе бүкіл мұраның тағдырын анықтай алмаған кезде, сондай-ақ, басқа жағдайларда мұрагерлік заң күшіне енеді.
4) Ерікті зейнетақы жарналарының артықшылығы неде?
Азаматтар ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) өз қалауы бойынша төлейді, олардың мөлшері мен кезеңділігін дербес белгілейді. ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін алу тәртібін де алушы БЖЗҚ-ның зейнетақы ережелеріне сәйкес дербес айқындайды. Бұл жарналардың осы түрінің көп артықшылықтарының бірі ғана. Сондай-ақ, салық заңнамасында жеке тұлғаның ЕЗЖ-ны өз табысы есебінен төлеген кезде төленетін сомаға салық шегерімі көзделген.
Жұмыс берушілерге келетін болсақ, олар да салықтық жеңілдіктерге ие болады. Мәселен, жұмыс берушінің қызметкердің пайдасына аударған ЕЗЖ жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайды, жұмыс беруші үшін мұндай шығыстар корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегеріледі. Яғни, бұл жағдайда жұмыс беруші салықтық жеңілдіктерге ие болады.
5) Ерікті зейнетақы жарналары инвестицияланады ма? Оларды инвестициялық портфельді басқарушыларға аударуға бола ма?
Ерікті зейнетақы жарналары да, міндетті зейнетақы жарналарының барлық түрлері сияқты инвестицияланып, салымшыларға табыс әкеледі. Зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқарады. Десек те, салымшылар зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) аударуға құқылы. Олар кірістілік пен тәуекелдің түрлі деңгейлеріне ие сан алуан инвестициялық стратегияларды ұсынады. Егер ИПБ-ға міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жинақтарының 50% дейінгі мөлшерін аударуға рұқсат етілсе, ерікті зейнетақы жинақтарын толық көлемде сеніп тапсыруға болады.
Зейнетақы жинағының бір бөлігін ИПБ-ға аудару салымшының өтініші бойынша жүргізіледі. Оны Қор сайтындағы жеке кабинетте немесе БЖЗҚ-ның кез келген филиалында электрондық форматта беруге болады. Инвестициялау нәтижелері бойынша басқарушы компанияны өзгертуге болады, бірақ мұндай мүмкіндік жылына бір рет қана беріледі. Осылайша, зейнетақы активтерін басқаруға қатысу - ЕЗЖ-нің тағы бір артықшылығы.