Қандай жағдайларда ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері автоматты түрде тағайындалады

Қандай жағдайларда ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері автоматты түрде тағайындалады

Қандай жағдайларда ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері автоматты түрде тағайындалады

2026 жылғы наурыздан бастап БЖЗҚ-да ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен төлемдерді өтінішсіз (проактивті) тәртіпте жүзеге асыру енгізілді.

Бұл нені білдіреді:

Егер ЕЗЖ есебінен жинақтарыңыз болса, зейнеткерлік жасқа жеткен кезде төлемдер БЖЗҚ-ға жеке өтініш бермей-ақ автоматты түрде тағайындалады.
Бұл келесі жағдайларда жүзеге асады:
— мемлекеттік бюджеттен төленетін зейнетақыны рәсімдеу кезінде
— міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен төлемдерді рәсімдеу кезінде

Төлем тәртібі:
* егер жинақ сомасы ең төменгі зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаса – біржолғы төлем ретінде төленеді (2026 жылы – 828 588 теңге)
* ал егер одан көп болса – міндетті жарналар есебінен жасалатын төлемдермен бірге таусылғанға дейін ай сайын төленеді.

Қажет болған жағдайда, алушы төлем тәртібін өзгерту үшін БЖЗҚ-ға жүгінуге құқылы.

Назар аударыңыз:

Проактивті тәртіп зейнеткерлік жасқа жеткен, бірақ бұған дейін ЕЗЖ есебінен төлемдерге жүгінбеген тұлғаларға қолданылады (соның ішінде 50 жасқа толған немесе мүгедектігі бар тұлғалар).

Бұл ретте:
50 жасқа толған немесе мүгедектігі бар азаматтар ЕЗЖ есебінен төлемдерді өз бетінше рәсімдей алады:
— enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы
— мобильді қосымшада
— Қор бөлімшелерінде

Жаңашылдық төлем алу үдерісін жеңілдетуге және жинақтардың пайдаланылмай қалу тәуекелін азайтуға бағытталған.

Толық ақпарат enpf.kz сайтында«Қызметтер» → «ЕЗЖ есебінен төлемдер» бөлімінде