
"Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша жинақтарды қалай тексеруге болады
18 жасқа толмаған баланың бағдарламаға қатысуы туралы ақпаратты ата-аналары мен заңды өкілдері баланың ЖСН бойынша kids.enpf.kz. сайты, eGov mobile мобильді қосымшасы және бірқатар екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы тексере алады.
Бағдарламаның кәмелетке толған қатысушылары enpf.kz сайтындағы жеке кабинетінде, БЖЗҚ мобильді қосымшасында және электрондық үкіметтің eGov mobile мобильді қосымшасында өз бетінше тексере алады.
Жинақтарын пайдалану туралы шешім қабылдағаннан кейін, жастар АҚШ долларында банктік шот ашу және төлемге онлайн өтініш беру үшін уәкілетті оператор-банкқа жүгінуі керек. Өтінішті интернет-ресурс немесе уәкілетті оператор-банктің бірінің мобильді қосымшасы арқылы беруге болады: "Отбасы банкі" АҚ (тұрғын үй жағдайларын жақсарту және білім беру ақысын төлеу мақсатында), "Қазақстан Халық банкі" АҚ, "Банк ЦентрКредит" АҚ (білім беру ақысын төлеу мақсатында).
"Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы болашақ ұрпақтың өмірлік мақсаттарына жету үшін қаржылық қорын құруға ықпал ететін ұзақмерзімді стратегия.