Интернет алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндірме жүргізілді.

Интернет алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндірме жүргізілді.

Қазіргі таңда цифрлық технологиялардың дамуы күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Алаяқтықтың ең көп таралған түрі-ол интернет желісі арқылы жасалатын алаяқтық қылмыс.

Интернет арқылы сауда жасау, қаржылық операциялар жүргізу, қызметтерге тапсырыс беру адамдардың өмірін жеңілдетіп қана қоймай, алаяқтардың жаңа түрдегі қылмыстар жасауына да жол ашып отыр.

Соңғы жылдары интернет-алаяқтық саны күрт өсіп, бұл қылмыс түрі еліміздегі ең өзектіәлеуметтік проблемалардың біріне айналды.

Атап айтар болсақ, Жалған интернет-дүкендер мен сайттар,Қаржы пирамидалары,Банктік карта деректерін заңсыз алу,Әлеуметтік желілер арқылы сенімге кіру,Мобильді қосымшалар арқылы жасалған алаяқтық түрлері уақыт өте келе бірнеше пайызға көбеюде. 

Алаяқтар банктің немесе белгілі компанияның сайттарын айнытпай жасап, жеке деректерді (ЖСН, картаның CVV-коды, бір реттік SMS-кодтар) ұрлайды.

  1. Қаржы пирамидасы: Азаматтарға жоғары пайда табуға уәде беріп, олардан қаржы тарту арқылы іске асырылады.
  2. Интернет-дүкендер: Жалған тауар не қызмет ұсынатын парақшалар мен сайттар арқылы алдын ала төлем алып, кейін ізін суытады.
  3. Хабарлама арқылы манипуляция: “Банк картаңыз бұғатталады”, “Сізге ақша түсті”, “Сотқа шақырту” секілді жалған хабарламалар арқылы адамдарды сілтемеге өтіп, деректерін енгізуге итермелейді.

Жоғарыда көрсетілген интернет арқылы жасалған алаяқтық әрекеттер қылмыстық жауапкершілікке әкеледі. Алдағы уақытта аталған оқиғаларға кездесіп қалмау үшін: