ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – адамның өмірі мен денсаулығына, ар-намысы мен қадір-қасиетіне қауіп төндіретін құқық бұзушылық. Ол ешқашан ақталмайды және қоғамның қауіпсіздігіне кері әсер етеді.

Әрбір азамат қауіпсіз ортада өмір сүруге құқылы. Егер сіз немесе жақындарыңыз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болсаңыз, үнсіз қалмаңыз. Уақытылы көмекке жүгіну – өзіңізді және отбасыңызды қорғаудың маңызды қадамы.

Құқық қорғау органдары азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтарын қорғау бағытында тұрақты түрде жұмыс жүргізуде. Зорлық-зомбылықтың кез келген түріне заң аясында тиісті шаралар қолданылады.

Қауіпсіз қоғам – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз. Зорлық-зомбылыққа қарсы бірге күресейік!