Қазақстанда цифрлық трансформация стратегиясы аясында 50-ден астам ЖИ-агент енгізілді

Қазақстанда цифрлық трансформация стратегиясы аясында 50-ден астам ЖИ-агент енгізілді

Қазақстан экономиканың негізгі секторларына жасанды интеллект технологияларын енгізе отырып, цифрлық трансформацияны жеделдетуде. Еліміз мемлекеттік басқару мен бизнеспен өзара іс-қимылдың негізі ретінде ЖИ-ді таңдап, AI-First архитектурасына көшуде. Қазіргі таңда өнеркәсіп пен энергетикадан бастап денсаулық сақтау мен білім беруге дейінгі 72 саланы қамтитын цифрлық трансформацияның 20 картасы бекітілді. Бұл бюрократиялық рәсімдерді айтарлықтай жеңілдетуге және кәсіпкерлердің шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.

Қоғам игілігі үшін 50-ден астам ЖИ-агент жұмыс істеп, жоғары тиімділік көрсетуде. Денсаулық сақтау саласында «Cerebra AI» инсультті ерте диагностикалау жүйесі енгізілген аймақтарда өлім-жітім көрсеткішін 40%-ға төмендетті, ал ЖИ-терапевт ондаған клиникада дәрігерлерге табысты көмек көрсетуде.

Кәсіпкерлікті қолдауға ерекше көңіл бөлінуде: бизнес бастауға арналған ЖИ-көмекші бәсекелестік ортаны талдап, алғашқы кезеңде операциялық шығындарды екі есеге қысқартады.

Сондай-ақ, 24/7 режимінде жұмыс істейтін салықтық ЖИ-ас