«Таза Қазақстан» – таза өлке, жарқын болашақ!

«Таза Қазақстан» – таза өлке, жарқын болашақ!

🔹Қарауылкелді ауылында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кезекті сенбілік ұйымдастырылды.

🔹Іс-шара барысында ауыл тұрғындары мен белсенді азаматтар «Мөлдір бұлақ» аумағында тазалық жұмыстарын жүргізіп, бұлақ маңы мен оған іргелес аумақтарды тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Сонымен қатар, аумақты абаттандыру және көркейту жұмыстары атқарылды.

🔹Экологиялық акцияның негізгі мақсаты – тұрғындар арасында қоршаған ортаны таза ұстау мәдениетін қалыптастыру, табиғатты қорғауға үндеп, туған жердің тазалығы мен көркеюіне үлес қосу.

🔹Тазалық – баршамызға ортақ жауапкершілік. Таза табиғат пен таза қоршаған орта – болашақ ұрпақтың денсаулығы мен жарқын келешегінің кепілі.

🔹Туған өлкеміздің тазалығы мен көркеюіне атсалысып, белсенділік танытқан барша азаматтарға шынайы алғысымызды білдіреміз!