
Қазақстанда жасөспірімдерді алаяқтық схемаларға тартып жатқаны туралы ескерту жасалды.
Алаяқтар Telegram мен WhatsApp арқылы «оңай табыс» ұсынып, SIM-карта рәсімдеуді немесе аккаунт ашуды сұрайды. Кейін сол нөмірлер мен аккаунттар қылмыстық әрекеттерге пайдаланылады.
Мамандар мұндай әрекетке қатысу заң алдында жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін ескертті.
Ата-аналарға балаларымен интернеттегі қауіпсіздік туралы сөйлесуге кеңес берілді.