
“Заң мен тәртіп”: Ақтөбе облысы Полиция департаменті интернет және телефон арқылы жасалатын алаяқтық қылмыстарының жиілеп кеткенін ескертеді. Алаяқтардың құрбанына көбінесе егде жастағы азаматтар айналуда.
Қаскөйлер өздерін коммуналдық қызмет, ұялы байланыс операторлары, банк немесе құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырып, түрлі сылтаумен азаматтардың жеке мәліметтері мен құпия SMS-кодтарын алдап алуға тырысады.