⚜️ Ауданымызда Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Меруерт Қаратайқызымен мерейтойлық кездесу өтті

⚜️ Ауданымызда Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Меруерт Қаратайқызымен мерейтойлық кездесу өтті

✨Аудандық Мәдениет үйінде қазақ өнерінің көрнекті өкілі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, халықтың сүйікті актрисасы Меруерт Қаратайқызының 75 жылдық мерейтойына арналған салтанатты кездесу кеші өтті.

✨Мәдени шараға Ақтөбе облысы әкімінің гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі кеңесшісі, «AMANAT» партиясы фракциясының облыстық мәслихат депутаты Күлпаршын Алпысбайқызы, сондай-ақ белгілі ақын, Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері Жұлдыз Қожабекова арнайы қатысып, мерейтой иесіне ізгі тілектерін білдірді.

✨Кездесу барысында аудан әкімі Айбек Купенов сөз сөйлеп, мерейтой иесінің ұлттық мәдениет пен кино өнерін дамытуға қосқан елеулі үлесін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, аудан тұрғындары атынан ризашылық білдіріп, қазақы дәстүрге сай иығына шапан жапты.

✨Шара еркін форматтағы сұрақ-жауап кешімен жалғасты. Көрермендер актрисаның шығармашылық жолы, сахна мен кино саласындағы еңбегі, өмірлік ұстанымдары туралы сұрақтар қойып, мазмұнды жауаптар алды.

✨Кеш барысында жергілікті өнерпаздар өнер көрсетіп, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

✨Мерейтойлық кездесу ұлттық өнерді ұлықтап, жас ұрпаққа тағылымды тәрбие беретін мазмұнды рухани шара ретінде есте қалды.