
🔹Мен, Кожабаев Жанбырбай, Жазықов көшесінің тұрғыны ретінде баршаңызды ауылымызда өтіп жатқан екі айлық тазалық акциясына белсенді түрде қатысуға шақырамын!
🔹Ауылымыз таза, көрікті болуы – бәрімізге ортақ іс. Әркім өз ауласын ретке келтіріп, қоқыстан тазартып, айналасын жинап жүрсе, ауылымыз одан да әдемі бола түседі.
🔹Сонымен қатар, мүмкіндігінше ағаш отырғызып, гүл егіп, өз үлесімізді қосайық.
Бірігіп, туған жерімізді таза әрі жайлы етейік! 💚