
🔹Жәрмеңкеде тұрғындарға сапалы көкөністер, жаңа сауылған сүт өнімдері мен ет өнімдері төмен бағамен ұсынылды. Сонымен қатар, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында және мемлекеттік грант иегерлері болған кәсіпкерлер өз өнімдерін көпшілікке қолжетімді бағамен ұсынды.
🔹Аталған жәрмеңкені аудан әкімі Айбек Купенов арнайы аралап, кәсіпкерлердің жұмысымен танысып, тұрғындармен пікір алмасты.
🔹Мәдениет үйі алдында ұйымдастырылған көшеттер жәрмеңкесі де көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Мұнда жеміс ағаштарының көшеттері, бау-бақша өнімдері мен түрлі гүлдер сатылымға шығарылды.
🔹Осындай игі шаралар аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттырып, ауыл кәсіпкерлігінің дамуына серпін береді.