Құрметті ауыл тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті ауыл тұрғындары мен қонақтары!

Біздің ортақ үйіміздің тазалығы – өз қолымызда. Көшеге қоқыс тастау тек мәдениетсіздік емес, сонымен қатар заң алдындағы жауапкершілік. Тазалық – табалдырықтан емес, санадан басталады! Күнделікті жүретін көшелеріміздің тазалығы – біздің мәдениетіміз бен болашаққа деген көзқарасымыздың айнасы. Өкінішке орай, белгіленбеген жерлерге қоқыс тастау әлі де болса өзекті мәселе болып отыр. Әрқайсымыз таза аулада тұрып, таза ауамен тыныстағымыз келеді. Алайда, соңғы кездері жеке үйлерден шыққан тұрмыстық қалдықтар мен құрылыс қоқыстарын белгіленбеген жерлерге, жол жиектеріне немесе бос жатқан алқаптарға тастау деректері жиілеп кетті.

Заң не дейді? Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабына сәйкес, ортақ пайдалану орындарын ластау (қоқыс тастау, белгіленбеген орындарға қалдықтарды төгу) заңмен жазаланады:
1️. Бірінші рет бұзғандарға – 5 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде айыппұл салынады.
2. Бір жыл ішінде қайталап бұзғандарға – 10 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін бұзу, жасыл екпелерді жою және зақымдау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады:
Жеке тұлғаларға – 20 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде айыппұл салынады.
Егер заң бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл көлемі артады.

Неге қоқыс тастауға болмайды?
Экологиялық зардап: Заңсыз үйінділер яғни, пластик, полиэтилен жүздеген жылдар бойы шірімей, топырақ пен жер асты суларын улайды.
Денсаулыққа зиян: Ретсіз қоқыс қалдықтар үйілген жер – түрлі індеттер, зиянды жәндіктер мен кеміргіштердің ошағы.
Эстетикалық түр: Көше бойындағы қоқыс ауылымыздың көркін бұзады.
Тазалық – мәдениеттіліктің белгісі. Қоршаған ортаны қорғау — баршамызға ортақ міндет. Заң талаптарын сақтап, туған өлкеміздің тазалығына бірге үлес қосайық!
Көріксіз көшелер қаланың (ауылдың) беделін түсіреді.
Қоқысты қайда апару керек?
Тұрмыстық қалдықтар мен ірі көлемді қоқыстарды (ескі жиһаз, құрылыс материалдары және т.б.) тұрғындар:
Арнайы мамандандырылған мекемелермен келісімшартқа отыру арқылы шығаруы тиіс;
Немесе өз күштерімен арнайы бекітілген полигондарға апарып тапсыруы қажет.

✅ Не істеу керек?
Тазалық жүректен басталады
Өскелең ұрпаққа тазалық мәдениетін үлгі етіңіз.
Тазалық бар жерде береке бар. Айналаны таза ұстау арқылы біз өзімізді және жақындарымызды құрметтейміз.
Айналаңыздағы адамдарға үлгі болыңыз.
Тазалық бар жерде – денсаулық пен береке бар. Ауылымыздың көркіне нұқсан келтірмей, заңды сақтайық!
Таза ауыл.