Егер сізде БЖЗҚ-да зейнетақы шотыңыз бар болса, онда жеке деректеріңіз өзгерген жағдайда Қорды хабардар ету маңызды. Ол төлемдер мен басқа да қызметтерді алуға әсер етуі мүмкін.
Өзекті деректер өзгерген сәттен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде ұсынылуы тиіс.
Бұл қандай деректерге қатысты?
🔹 Тұрғылықты мекенжайы, электрондық пошта және телефон нөмірі
🔹 Банк деректемелері, егер олар төлем туралы өтініште көрсетілген болса.
Жеке деректерді қалай жаңартуға болады?
🔹Жеке өзі немесе үшінші тұлға арқылы БЖЗҚ-ның кез келген кеңсесінде.
🔹Пошта немесе электрондық пошта арқылы (электрондық пошта мен телефон нөмірін өзгертуден басқа барлық деректер үшін).
🔹enpf.kz сайтындағы және БЖЗҚ ұялы қосымшасындағы жеке кабинет арқылы.
Егер деректер мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қолжетімді болса, олар автоматты түрде жаңартылуы мүмкін.