"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес "Ақтөбе облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" ММ өз қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың басталғаны туралы хабарлайды.
Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауға қатыса алады.
Ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауға қатысу мәселелері бойынша "Ақтөбе облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" ММ бас маманы Толыбек Болатбек Серікұлына 8 - (7132) 56-68-18 телефоны бойынша хабарласуға болады.