Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялаудың проблемалық мәселелері

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялаудың проблемалық мәселелері

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне, сондай-ақ лизингке,ауыл шаруашылығы жануарларын, техника мен технологиялық жабдықтарды сатып алуға кредит беру кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Gosagro.kz субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде (СМАЖ) жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы құрылымдары жаңа субсидиялау бағдарламасын іске қосумен байланысты кредиттер мен лизингтер бойынша сыйақының пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялау кезінде белгілі бір қиындықтарға тап болуда, өйткені СМАЖ әзірлеушілермен өткен жылы берілген ұсыныстардың жаңа жүйесіне интеграциялау бойынша жұмыстар аяқталмаған.

 Сол себепті шаруашылықтар кредиттер мен лизингтер бойынша сыйақыларды өз қаражаттары есебінен төлеуге мәжбүр.

Қазіргі уақытта субсидиялаудың осы түрі бойынша өткен жылдан бастап субсидиялау шарттарын жасасуға 278 ұсыныс резервте тұр. СМАЖ әзірлеушілерінің ақпараты бойынша резервтегі ұсыныстарды интеграциялау жұмыстары аяқталу сатысында. Осы интеграция жүргізілгеннен кейін үш жақты субсидиялау шарттарына қол қойылады, соның негізінде кейіннен қаржы институттары төлеуге өтінімдер жіберетін болады.

Бұл проблемалық мәселе күнделікті бақылауда және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен шешімін табады.