Жауапкершілікті ұмытпайық

Жауапкершілікті ұмытпайық

Жауапкершілікті ұмытпайық.

 Еліміздің дамуы мен өркендеуі жолында ауыл шаруашылығы саласының атқарып келе жатқан жүгі аз емес. Соған орай Үкімет тарапынан аталған бағытты дамытуға бірқатар жеңілдіктер мен қолдаулар көрсетіліп келеді. Жеңілдетілген несиелер, қайтарымсыз қаржы (субсидия) төлеу, инфроқұрылым жүйелерін жүргізуге көмек, т.б.

 Алайда, осы көмекті орнымен, заң аясында пайдалануда олқылықтарға жол беріп жататынымыз  жасырын емес. Кейбір тұлғалар бұны біле тұрып жасаса, көп шаруашылықтар субсидия төлеу ережесін түсінбегендіктен (немесе оны мұқият оқымағандықтан) заң бұзушылықтарға барады. Субсидия алу үшін өтінім беру кезінде құжаттар мұқият зерделеніп, міндеттемелер мен ескертпелердің орындалуы қамтамасыз етілуі тиіс. 

Өткен жылдарың субсидиясын төлеу барысында, өздеріне жүктелген міндеттемелерді орындамағаны үшін, бірнеше шаруашылықтар жауапкершілікке тартылып, төленген қаржы кері қайтарылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. 2021 жылы бөлімге 6 631 өтінім түсіп, қанағаттандырылса, оның 384 өтінімінен заң бұзушылықтар белгілі болып, 273 555 537 теңге қаржы кейін қайтарылуға жататыны анықталды. 2022 жылы түскен 7 534 өтінімнің 578-нен (немесе жалпы көлемі 534 154 861 теңге болатын)  олқылықтар анықталып отыр.

Көп жағдайда кемшіліктер субсидия төленген мал басының толықтай сақталуын қамтамасыз етпегендіктен болып отырғандықтан, шаруашылық басшылары қолда бар малдың барлығын өтінімге енгізбей, жұмсалатын (сойылатын, сатылатын,т.б.) малдарды  көрсетпегені дұрыс. Сондықтан, әр бір шаруашылық басшысы өтінім беру барысында өздеріне жүктелген міндеттемелерге мұқият болып, төленген қаржының мақсатты жұмсалуын қадағалап отыруы тиіс. Жауапкершілікті жоғалтпайық, ағайын.