Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасының механизация бөлімі "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/270 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені туралы хабарлайды.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі:

  1. "А", "В" және "Г" санатты тракторшы-машинист куәлігін алу үшін:

  • нысан бойынша өтініш;

2) "Көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы медициналық анықтама" № 073/у нысаны;

3)"ауыл шаруашылығы өндірісіндегі тракторшы-машинист" мамандығы бойынша кәсіби даярлық туралы емтихан пунктінің оқыту курсын аяқтағаны туралы куәліктің көшірмесі немесе "ауыл шаруашылығын механикаландыру немесе тракторшы-машинист" біліктілігін растайтын дипломның көшірмесі;

4)Салық кодексіне сәйкес тракторшы-машинист куәлігін бергені үшін бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;

5) 3,5х4,5 сантиметр ақ немесе түрлі-түсті фоны бар фотосурет;

2."Б" және "Д" санатты тракторшы-машинист куәлігін алу үшін:

1) нысан бойынша өтініш;

  • "Көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы медициналық анықтама" № 073/у нысаны;

3)"ауыл шаруашылығы өндірісіндегі тракторшы-машинист" мамандығы бойынша кәсіби даярлық туралы емтихан пунктінің оқыту курсын аяқтағаны туралы куәліктің көшірмесі немесе "ауыл шаруашылығын механикаландыру немесе тракторшы-машинист" біліктілігін растайтын дипломның көшірмесі;

           4) Салық кодексіне сәйкес тракторшы-машинист куәлігін бергені үшін бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;

5) өлшемі 3,5х4,5 сантиметр ақ немесе түрлі-түсті фоны бар фотосурет;

           6) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Еңбек кодексі) 35-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының еңбек жолын растайтын құжат;

  1. "қаршаналарды, квадроциклдерді басқаруға рұқсат етіледі" деген жазуы бар тракторшы-машинист куәлігін алу үшін:

1) нысан бойынша өтінім;

2) "Көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы медициналық анықтама" № 073/у нысаны;

3) "А" және "В" немесе "Б" және "В" санаттары рұқсат етілген бар тракторшы-машинист куәлігінің көшірмесі немесе рұқсат етілген "А" немесе "А1" немесе "В1" санаттары бар жүргізуші куәлігі;

4) Салық кодексіне сәйкес тракторшы-машинист куәлігін бергені үшін бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;

5) өлшемі 3,5х4,5 сантиметр ақ немесе түрлі-түсті фоны бар фотосурет;

  1. тракторшы-машинист куәлігін ауыстыру үшін:

1) нысан бойынша өтінім;

2) "Көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы медициналық анықтама" № 073/у нысаны;

           3) Салық кодексіне сәйкес тракторшы-машинист куәлігін бергені үшін бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;

4) өлшемі 3,5х4,5 сантиметр ақ немесе түрлі-түсті фоны бар фотосурет;

тракторшы-машинистің ескі куәлігі;

  1. тракторшы-машинист куәлігінің төлнұсқасын алу үшін:

1)  нысан бойынша өтініш;

           2) "Көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы медициналық анықтама" № 073/у нысаны;

           3) Салық кодексіне сәйкес тракторшы-машинист куәлігін бергені үшін бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;

4) өлшемі 3,5х4,5 сантиметр ақ немесе түрлі-түсті фоны бар фотосурет;

порталға жүгінген кезде:

           Сонымен қатар  "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы         № 4-3/270 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені туралы қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, 8/7132/542894 байланыс нөміріне хабарласуға немесе  https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500011711 сайтынан танысуға болады.