«AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Мемлекет басшысының өз сайлауалды бағдарламасында ауылдардағы тіршілік деңгейін көтеру мәселесіне ерекше назар аударғанын атап өтті. Алдағы 7 жылда ауыл тұрғындарының табысын көтеруге 1 триллион теңге бөлу қарастырылған, бұл ауыл шаруашылығында 350 мыңнан астам сапалы жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

🔰Ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту және әлеуметтік проблемаларын жедел шешу мақсатында Үкімет «AMANAT» партиясымен бірлесіп, алғаш Ақтөбе облысында бастау алған «Ауыл аманаты» жобасын бүкіл Қазақстан бойынша жүзеге асыруға кірісті. Ол үшін биылғы жылы 52 миллиард теңге бөлінді. Партия жанына Жобалық офис ашылды, ол әдістемелік қолдауды жүзеге асырады, азаматтар мен әкімдерді оқытып, өтініштерді қабылдау процесіне мониторинг жүргізеді, қаржы бөлуді бақылауда ұстайды