«Ақтөбе облысы бойынша 2022 жылға арналған басым дақылдар тiзбесі және субсидия нормаларын, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігі қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен бекітілген өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау Қағидаларының 14 тармағына, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 20209 тіркелген бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысымен «Ақтөбе облысы бойынша 2022 жылға арналған басым дақылдар тiзбесі және субсидия нормаларын, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған субсидиялар көлемін бекіту».

Бұл нормативтік құқықтық акті auyl.aktobe.gov.kz сайтында орналастырылды, 2022 жылғы 5 мамырдағы № 52 «Актюбинский вестник» және 2022 жылғы 7 мамырдағы № 53 «Ақтөбе» газеттерінде жарияланды.

Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің ағымдағы жылғы 18 мамырдағы №23 хаттамасына сәйкес, кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытындыларды ескертулер мен ұсыныстарсыз ұсынды:

  • Ақтөбе облысының кәсіпкерлер Палатасы;
  • «Ақтөбе қ. Кәсіпкерлердің құқығын қорғау қауымдастығы» ЗТБ;
  • «Ақтөбе облысының сүт және сүт өнімдерін өндірушілерінің қауымдастығы» ЗТБ.

Нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің 2022 жылғы 11 мамырдағы № 01-2/129 қорытындысы алынды.

Нормативтік құқықтық актінің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2022 жылдың 4 мамырында орналастырылды. Қоғамдық талқылаудың мерзімі 2022 жылдың 20 мамырында аяқталды. Есептемені қарау 49 бірлік, 1 пікір болды, бұл пікір ескерілді.