Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер назарына!

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер назарына!

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер назарына!

 

«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» облыс әкімдігінің «Ақтөбе облысы бойынша 2022 жылға арналған тұқым шаруашылығын дамытуға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы»                     26 сәуірдегі №125 қаулысына сәйкес 2022 жылдың 16 мамырынан бастап субсидиялау жүзеге асырылатындығын хабарлайды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылы 30 наурызда № 107 бұйрығымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау»  мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсетіледі.

Өтінімдерді (өтпелі өтінімдерді) қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы «Qoldau.kz» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық.

Субсидиялар жұмсаған шығындарын ішінара өтеуге арналған:

1) нақты сатып алынған бірегей тұқымдарға,

2) нақты сатып алынған элиталық тұқымдарға,

3) нақты сатып алынған бірінші репродукция тұқымдарына,

4) нақты сатып алынған бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарына,

5) нақты сатып алынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттеріне,

6)       қызанақ пен қиярдың элиталық тұқымдары және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары бойынша өнеркәсіптік жылыжай кешендерінде қорғалған топырақ жағдайында өсіретін ауылшартауарын өндірушілерге арналады.