«Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі

«Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау»  мемлекеттік көрсетілетін қызметі

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің 2020 жылы 30 наурызда №107 бұйрығымен бекітілген «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының» «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау»  мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен көрсетіледі: «Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ  (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары):

Өтінімдерді (өтпелі өтінімдерді) қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

Көрсету мерзімі: 3 (үш) жұмыс күні.  Бұл ретте, өтпелі өтінім берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі күнтізбелік 15 (он бес) күнге ұлғаяды.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны Электрондық (толық автоматтандырылған).

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Субсидияның аударылғаны туралы хабарлама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының                      9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан уәжді бас тарту.

           Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны – электрондық.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі туралы хабарлама электрондық құжат нысанында жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) «жеке кабинетіне» жолданады.

Жұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат  9.00-ден 18.30-ға дейін.

2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Заңның 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: Көрсетілетін қызметті алушы порталға электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында:

1) нақты сатып алынған бірегей тұқымдарға субсидия алуға арналған өтінімді;

2) нақты сатып алынған элиталық тұқымдарға субсидия алуға арналған өтінімді;

3) нақты сатып алынған бірінші репродукция тұқымдарына және (немесе) екінші репродукция мақта тұқымдарына субсидиялар алуға арналған өтінімді;

4) нақты сатып алынған жүгерінің, қант қызылшасының, рапстың, күнбағыстың, мақтаның және (немесе) құмайдың бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарына субсидиялар алуға арналған өтінімді;

5) нақты сатып алынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттеріне субсидиялар алуға арналған өтінімді;

6) субсидияланатын тұқымдарды арзандатылған құнмен сатып алу кезінде тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтпелі өтiнiмді ұсынады.

Өтінімнің (өтпелі өтінімнің) қабылданғанын көрсетілетін қызметті алушының субсидиялаудың ақпараттық жүйесіндегі «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы тиісті мәртебе растайды.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) осы Қағидаларда белгіленген мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің сәйкес келмеуі.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті» және бірыңғай байланыс орталығы арқылы ала алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекен жайлары:

 1) тиісті көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;

        2) мемлекеттік органдардың https://beta.egov.kz интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында орналастырылған.