25-26 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтан қаласында Ақтөбе облысының тауар өндірушілерінің қатысуымен өткізілетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

25-26 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтан қаласында Ақтөбе облысының тауар өндірушілерінің қатысуымен өткізілетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

 

Ақтөбе облысында өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерін алуға Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындары мен қонақтарын шақырамыз!

 Ағымдағы жылдың 25-26 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтан қаласында Қонаев көшесі мен Тұран даңғылының қиылысында, "Хан Шатыр" сауда-ойын-сауық орталығының жанында Ақтөбе облысының тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі

Жәрмеңкеге 12 аудан мен Ақтөбе қаласынан 20-дан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындар қатысады.

Жәрмеңкеде Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына келесі өнімдер ұсынылады:

·       Еттің барлық түрі

-

60,0 тонна;

·       Картоп және көкөністер

-

61,0 тонна;

·       Сүт өнімдері

-

16,0 тонна;

·       Өсімдік майы

-

1,0 тонна;

·       Жұмыртқа

-

17,2 мың дана;

·       Балық

-

5,3 тонна;

·       Бал

-

0,5 тонна;

·       Шұжық өнімдері

-

8,0 тонна;

·       Ұн және ұн өнімдері

-

8,5 тонна;

·       Басқа өнімдер

-

19,7 тонна.

 

Жәрмеңкедегі өнімдердің бағасы Нұр-Сұлтан қаласы базарларының бағасынан 15-20% төмен болады. Апарылатын өнімнің жалпы көлемі 197,2  тоннаны құрайды

Облыстың қайта өңдеу кәсіпорындарының төмендегі өнім түрлері ұсынылады:

- «Айс+» ЖШС, «Агрофирма Тау» ЖШС, сүт өнімдері,

- «Шыңғыс» ШҚ, «Абылай» ШҚ, «Шекшек Ата» АШК және т.б. қымыз, шұбат, ешкі сүті,

- «Жаңа-Әлжан диірмен комбинаты» ЖШС, «Рамазан» ЖШС, т.б. ұн, макарон өнімдері,

-  «СПК «Айбек» ЖШС, «Степное» ЖШС, «Рокос» ЖШС ет консервасы және шұжық өнімдері,

- «Изет Грин Хаус» ЖШС, «Гринхаус Казахстан» ЖШС жылыжай өнімдері.

22.09.2021 жылы Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы өнімдерін тиеген автокеруен Нұр-Сұлтан қаласына аттанады.

Өткізіліп жатырған жәрменкеге, Ақтөбе облысында өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерін алуға Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындары мен қонақтарын шақырамыз.