Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі

Ауыл шаруашылығы  жәрмеңкесі
Құрметті Ақтөбе қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Ағымдағы жылдың 11 қыркүйек күні сағат 9.00-де Ақтөбе қаласындағы «Табыс» коммуналдық базарында Қарғалы, Қобда аудандарының және «Рамазан» базары алаңында «Заводская көшесі,23 «Б»» Мәртөк, Мұғалжар аудандарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтарына ет және сүт өнімдері, сондай-ақ басқа да өнімдер ұсынылады.
Жәрмеңкелік өнімнің бағасы Ақтөбе қаласының базарларына қарағанда 10-15% - ға төмен болады.
Ақтөбе қаласының тұрғындары мен қонақтарын жәрмеңкеге қатысуға шақырамыз!