«Ақтөбе облысы әкімдігінің 2021 жылғы 18 ақпандағы № 51 «Ақтөбе облысы бойынша 2021 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттарына субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Нормативтік құқықтық актіні ұсынушы мемлекеттік орган Ақтөбе облысының әкімдігі болып табылады.
Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 тіркелген бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздемейді.
Бұл нормативтік құқықтық акті 2021 жылдың 22 шілдесінде auyl.aktobe.gov.kz сайтында орналастырылды, 2021 жылғы 24 шілдедегі №83 «Актюбинский вестник» және 2021 жылдың 24 шілдедегі №83 «Ақтөбе» газеттерінде жарияланды.
Кәсіпкерлік субьектілерінің аккредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытындыларының қаулы жобасының оң қорытындысы 2021 жылдың 13 тамыздағы № 1383РППП04 алынды.
Қаулы жобасы бойынша Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңестің 2021 жылғы 26 шілдедегі №14 қорытындысы алынды.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2021 жылдың 23 шілдеде орналастырылды. Қоғамдық талқылаудың мерзімі 2021 жылдың 6 тамызда аяқталды. Онлан - талқылау 2021 жылдың 9 тамызда аяқталды.Есептемені қарау 0 бірлік, 0 пікірдің ұсынысы ескірілді.