Құрметті облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері, тұқым шаруашылықтары және тұқым өткізушілер!

Құрметті облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері, тұқым шаруашылықтары және тұқым өткізушілер!

2021 жылға тұқым шаруашылығын субсидиялау мамыр айының 15 - де басталатының естеріңізге сала отырып, мына жағдайларды ескеруді сұраймыз.

Тұқым шаруашылығын субсидиялау ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 30 наурыздағы №107 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

          Қағиданың 48 тармағына сәйкес «Субсидиялар мынадай шарттар сақталған кезде төленеді»:

1) берген өтінімі субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде (Qoldau.kz) тіркелуі;

2) расталған жеке шотының болуы (жабылып қалмаған  немесе бұғатталмаған);

3) сатып алған субсидияланатын тұқымдарына жұмсалған шығындарының расталуы (келісім шарт, шот – фактура, элита тұқымдарына – аттестат, бірінші репродукция – тұқым куәлігі, шет елдері тұқымдарына - сертификат,-  т.б.);

4) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің болуы.

5) бүкіл егістік алаңына арналған электрондық танап карталарының  тіркелуі.

«Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау»  мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша жүргізіледі:

- бұл ретте өтінім берген күнінен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 3 (үш) жұмыс күн,

- оның ішінде 1 (бір) жұмыс күн ішінде өтінімді қабылдау немесе бас тарту,

- өтінім қабылданған жағдайда қалған 2 (екі) күнінде  төлем жасалады, егер жолдаған шотыңыз дұрыс болса.