Облыс бойынша машина-трактор паркін жаңарту

Облыс бойынша машина-трактор паркін жаңарту

Облыс көлемінде машина-трактор паркін жаңарту мәселесі бойынша жұмыстар тұрақты жүргізілуде.

Машина-трактор паркінің дайындығы және жаңаруы ауыл шаруашылығы жұмыстарының, оның ішінде көктемгі және күзгі далалық, мал азығын дайындау жұмыстарының агротехникалық мерзімде аяқталуына әсер ететін факторлардың бірі.

Есепті мерзімі аралығында облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдарымен 239 дана ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды. Оның ішінде әр түрлі модификациялы 84 трактор, 3 егін ору комбайндары,     10 дана жер жөңдейтін техника, 121 мал азығын дайындайтын және өзге де ауыл шаруашылығы техникалары.

  Сонымен бірге тозығы жеткен ауыл шаруашылығы техникаларын жарамсыздығына байланысты есептен шығару жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылы 92 дана техника, оның ішінде 18 егін ору комбайндары, 63 трактор, 11 трактор тіркемелері жарамсыздығына байланысты есептен шығарылды.

Аталмыш бағыттар бойынша жұмыстар жалғастырылуда.