Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру қағидаларын бекіту туралы

«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/270 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 тамыздағы № 257 бұйрығына сәйкес техникаларды басқару құқығына куәлік беру мемлекеттік көрсетілетін қызметі Ақтөбе облысының Ауыл шаруашылығы басқармасымен және аудандармен көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде уәжді бас тартуларды болдырмау мақсатында жеке тұлғалардан осы қағидаға сәйкес, тұрғылықты тіркелген жері бойынша тракторист-машинист куәліктерді алу, ауыстыру (айырбастау), жарамсыз болған немесе жоғалған куәліктердің орнына телнұсқасын алу үшін төмендегі құжаттарды ұсыну қажет.
«А», «В» және «Г» санатты тракторшы-машинист куәлігін алу үшін:
1)нысан бойынша өтініш;
2) «ауыл шаруашылығы өндірісіндегі тракторшы-машинист» мамандығы бойынша кәсіби даярлық туралы емтихан пунктінің оқыту курсын аяқтағаны туралы куәліктің көшірмесі немесе «ауыл шаруашылығын механикаландыру немесе тракторшы-машинист» біліктілігін растайтын дипломның көшірмесі; 3) тракторшы-машинист куәлігін беру үшін Салық кодексіне сәйкес бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растаушы құжат;
4) өлшемі 3,5х4,5 сантиметр ақ немесе түрлі-түсті фоны бар фотосурет;
«Б» және «Д» санатты тракторшы-машинист куәлігін алу үшін:
1) нысан бойынша өтініш;
2) «ауыл шаруашылығы өндірісіндегі тракторшы-машинист» мамандығы бойынша кәсіби даярлық туралы емтихан пунктінің оқыту курсын аяқтағаны туралы куәліктің көшірмесі немесе «ауыл шаруашылығын механикаландыру немесе тракторшы-машинист» біліктілігін растайтын дипломның көшірмесі; 3) тракторшы-машинист куәлігін беру үшін Салық кодексіне сәйкес бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растаушы құжат;
4) өлшемі 3,5х4,5 сантиметр ақ немесе түрлі-түсті фоны бар фотосурет;
5) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Еңбек кодексі) 35-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті алушының еңбек жолын растайтын құжат;
«Қаршаналарды, квадроциклдерді басқаруға рұқсат етіледі» деген жазуы бар тракторшы-машинист куәлігін алу үшін:
1)нысан бойынша өтініш;
2) «А» және «В» немесе «Б» және «В» рұқсат беретін санаттары бар тракторшы-машинист куәлігінің көшірмесі немесе «А», немесе «А1» немесе «В1» санаттарына рұқсаты бар жүргізуші куәлігінің көшірмесі;
3) тракторшы-машинист куәлігін беру үшін Салық кодексіне сәйкес бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растаушы құжат;
4) өлшемі 3,5х4,5 сантиметр ақ немесе түрлі-түсті фоны бар фотосурет;
Тракторшы-машинист куәлігін ауыстыру үшін:
1)нысан бойынша өтініш;
2) тракторшы-машинист куәлігін беру үшін Салық кодексіне сәйкес бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растаушы құжат;
3) өлшемі 3,5х4,5 сантиметр ақ немесе түрлі-түсті фоны бар фотосурет;
4) тракторшы-машинистің ескі куәлігі;
Тракторшы-машинист куәлігінің телнұсқасын алу үшін:
1)нысан бойынша өтініш;
2)жеке басын растайтын құжат, тракторшы-машинист куәлігін беру үшін Салық кодексіне сәйкес бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растаушы құжат;
3) өлшемі 3,5х4,5 сантиметр ақ немесе түрлі-түсті фоны бар фотосурет.
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметің нәтижелерін беру сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет берушінің қабылдауы алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
Қызмет нәтижесі
Тракторшы-машинист куәлігін беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилермен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру
Қызмет алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет бағасы
0,5 АЕК (айлық есептік көрсеткіш)
Қызмет көрсету уақыты
Тракторшы-машинист куәлігін берген кезде жеке тұлғаның (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) құжаттары тіркелген сәттен бастап 2 жұмыс күні.
Ескерту: Қағиданың 20-тармағының 3-тармақшасына сәйкес көлік жүргізу құқығынан соттың шешімімен айырылған жеке тұлғаларға тракторист-машинист куәлігін беру, алмастыру, телнұсқасын беру мемлекеттік қызметтерін көрсету мүмкіншілігі қарастырылмаған.