ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАР АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІ ТУРАЛЫ

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАР АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес, сонымен қатар тұрғындар арасында COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуының алдын-алуға арналған  Қазақстан Республикасы бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №68 қаулысын орындау мақсатында Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалиннің 2020 жылы атқарылған жұмыстар және 2021 жылға қойылған жоспарлар туралы халық алдындағы есебі 2021 жылғы 10 ақпанда сағат 11.00-де «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының тікелей эфирінде, aqtobe_press инстаграм және Ақтөбе облысы әкімдігі фейсбук  парақшаларында онлайн форматта өтетіндігі хабарланады.

Осыған орай, сұрақтар мен ұсыныстарыңызды жазбаша түрде Ақтөбе облысы әкімдігі ғимараты («Айна» СО жағы кіреберісі), облыс аудандары және ауылдық округ әкімдерінің аппараттары, Ақтөбе қаласы әкімдігінің ғимараты (Т.Ахтанов көшесі, 50), Ақтөбе қаласының «Астана» ауданы әкімдігінің ғимараты (Сәңкібай батыр даңғылы, 145Б), Ақтөбе қаласының «Алматы» ауданы әкімдігінің ғимараты (Қарғалы тұрғын ауданы,  60 лет Октября көшесі, 20Б), «Анвар» гипермаркеті (К.Нокин даңғылы, 34), «Keruen City» сауда ойын-сауық орталығы, «Нұрдаулет» СҮ, Халықтық кеңсе (Сәңкібай батыр даңғылы, 249), Халыққа қызмет көрсету Орталығы (Тургенев көшесі, 109), «Дина» гипермаркеті (А.Молдағұлова даңғылы, 53А), «Жилгородской» базары, «Домострой»СҮ (Арынов көшесі,1Р), Қалалық мәдениет  үйі (Жеңіс даңғылы, 31) ғимараттарында орнатылған жәшіктерге салуға, сонымен қатар электронды форматта aqtobe_press инстаграм және Ақтөбе облысы әкімдігі фейсбук  парақшалары, aktobe.region@akto.kz электронды поштасы арқылы жолдауға болады. Сондай-ақ, сауалдарыңыз бен ұсыныс-пікірлеріңізді 8 (7132) 906-606, 1300 call-орталық телефондары арқылы есеп беру күні, яғни 2021 жылдың 10 ақпанында сағат 9-00 ден 12-30 аралығында бере аласыздар.